Бухгалтерия - Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: 

БУХГАЛТЕРИЯ БӨЛІМІ

Бухгалтерия бөлімі ХҚТУ КДО қаржылық және қаржылық емес активтер мен міндеттемелердің жағдайы туралы ақшалай жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтау реттеу жүйесі арқылы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес клиниканың бухгалтерлік есеп саясатын және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды есепке алып, жүзеге асырады.

Бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес, мүліктер және міндеттемелердің бар болуын және қозғалысын,  материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының пайдалануын  есепке алуды қамтамасыз етеді. Мүліктің бар болуын және қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануын  бақылайды. Салықтар мен басқа да төлемдерді дұрыс есептеп және уақытылы төленуін қамтамасыз етеді. Орталықтың даму жоспарын орындау үрдісінде туындайтын есеп айырысуды жүргізуді бақылайды. Ішкі шаруашылық резервтерін, шығыстарды және  өнімсіз шығындарды алдын алуды анықтау мақсатында бухгалтерлік және есептілік мәліметтері бойынша кәсіпорынның, мекеменің қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асырады (басқа бөлімшелер мен қызметтермен бірлесе).

Даму жоспарын іске асыру туралы жиынтық мерзімді және жылдық есеп беруді дайындау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне  және басқа да органдарға уақтылы оны ұсынады.