Рустемова Сандуғаш Абдуллақызы - Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

БАС ДӘРІГЕР

Рустемова Сандуғаш Абдуллақызы

Невропатолог, жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к.

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

Фах: +7 (72533) 6-35-63

e-mail: ayclinic@mail.ru

БАС ДӘРІГЕР

1976 жылы 28 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Кентау қаласындағы жалпы орта білімді мектепті үздік  бітіріп,  Түркістан қаласының Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің  емдеу ісі мамандығына түсіп, 1999 жылы осы аталған оқу орнының емдеу ісі факультетінің жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1999-2000 жылдары интернатураны өтіп невропатолог мамандығының куәлігін алды.

2001 жылы осы аталған университеттің  жүйке аурулар кафедрасында клиникалық ординатура бөлімін өтіп, 2003 жылы бітірді.

2001 жылы Шымкент қаласының Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасына неврология бөліміне дәрігер невропатолог болып жұмысқа қабылданады. 2005 жылы осы аталған бөлімнің аға ординаторы, 2006 жылы неврология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2008 жылдан бастап  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне «Жалпы хирургия» кафедрасына ассистент қызметіне қабылданған. 2008 жылдын мамыр айынан бастап «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасында «Неврология» пәнінің аға оқытушысы, доцент міндетін атқарды.

2009 жылдан бастап Туркістан қаласының Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығының дәрігер-невропатолог және терапия бөліміне жауапты дәрігер қызметін қоса атқарды.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан қаласының Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығының Неврология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2013 жылы Түркияда Анкара Білім беру және зерттеу ауруханасында «Неврология: жедел неврологияның өзекті мәселелері және инсультті емдеуде заманауи тәсілдері» атты дәрігерлерлік біліктілігін жетілдірді.

2015-2017 жылдары және қазіргі таңда, Түркістан қаласының Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері. 40-тан аса ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Екі оқу құралы және он бір оқу-әдістемелік құралының авторы.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 23.04.2010 ж. № 3 сенат мәжілісінің шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы көп жылдық кәсіби біліктілігін, оқу әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктерін ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау  ісінің  үздігі» төс белгісімен марапатталған.