БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Абдузаир Нимат Акажанович

дәрігер-травматолог

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: ayclinic@mail.ru

ЖАРАҚАТ БЕКЕТІ

Бөлім кез келген дене жарақатына ұшыраған жандарға тәулік бойына шұғыл жәрдем көрсетеді. Мұнда білікті мамандар ауыр жараланған науқастарға емдік шараларын кешіктірмей жүргізіп, сынықты салып, жыртылған дене мүшелерін тігеді. Тіпті бөлімде жануарлар тістеген жерді залалсыздандырып, мұқият тексеріп,  жарылыс салдарынан болатын ауруларды емдейді, дене ауырсынуын басады.

Бөлім дәрігерлері  жоғары кәсіби талаптарға сай, жақын және алыс шет елдерде кәсіби дайындықтан өткен.  Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі. Жарақат бөлімінде науқастарды «аяғынан тік тұрғызуға» және соңынан амбулаторлық деңгейде ем қабылдауға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді және тиімді көмек беретін еуропалық заманауи стандарттарға сай жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.