БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Ермаханова Жанар Акбарқызы
І санатты терапевт-кардиолог

ТЕЛ: +7 (72533) 6-36-31

e-mail: j-jangirkhan@mail.ru

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ КДО қабылдау бөлімшесі 2008 жылы осы аталмыш емдеу мекемесінің ашылуымен бірге іске қосылды. 10.08.2015 жылдан бастап әр аптаның жұма күні барлық нозологиялар бойынша қалалық шұғыл жәрдем көрсететін мекемелер қатарына қосылды. 12.10.2016 жылдан бастап ХҚТУ КДО облыс көлемінде Аймақтық ерте оңалту бөлімінің іске қосылуына орай қабылдау бөлімі аптаның барлық күні Жедел ми қан айналым бұзылысы ауруларын шұғыл қабылдау қызметін бастады.

Бөлімнің қызметкерлері:

Бөлімде  2 дәрігер  терапевт мамандары жұмыс атқарады. Орта буын медицина қызметкерлері – штат бойынша: 1 аға медбике, 4 кезекші  мейірбике. Кіші буынды медицина қызметкерлері – штат бойынша 1 қызметкер жұмыс атқарады.

Қабылдау бөлімшесі 1 бекет, 2 науқасты бақылау  бөлмесі, 1 дәрігерлер бөлмесі, 1 егу бөлмесі, 1 бос – оқшаулар  бөлмелерінен тұрады. Барлық бөлмелер қажетті медициналық жабдықтар және жиһаздармен  қамтамасыз етілген. Қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірімен  бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен жарақтандырылған.

Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде  мейірбике  TRIAGE жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді. Іріктеу нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауына бөлімшенің  тиісті аймағына  жіберіледі. Пациенттің жағдайын  бағалау 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациент арнайы іріктеу санатының түсімен белгіленіп, білегіне бирка  байланады.

Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

бірінші топ (жасыл аймақ) –медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.

екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

Тіркеу бөлімде арнайы тақта орнатылған, ол барлық үш топпен байланыстырылған және бағдарламалық негізбен қамтылған. Оператор науқастың мәліметтерін енгізген бойда оның қай топта екені, қанша уақыт қызмет көрсетілетіні бірден жазылып шығады. TRIAGE жүйесі стационарда медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға, сондай-ақ, медициналық қызметтер сапасын көтеруге бағытталған.