БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Сапарбекова Эльмира Дархашқызы
УДЗ, жоғары категория дәрігері

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: ayclinic@mail.ru

ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ-ДИАГНОСТИКА

Функциональдық-Диагностика бөлімі – бұл көп салалы клинико-диагностикалық бөлім, мұнда диагностикалық және емдеу манипуляциялары жасалады. Бүгінгі функциональдық диагностика қызметі емдеу-диагностикалық іс-əрекеттің барлық сатыларына енеді жəне жүрек-қантамыр жүйесінің, сыртқы тыныстың, орталық жəне шеткі нерв жүйесінің, сонымен қатар организмнің басқа да жүйесінің функциялық күйіне объективті тексеріс жүргізеді. Технологияның сонғы жетістігімен жабдықталған мультислайсты (6 детекторлы) компьютерлі томография (Siemens), түрлі-түсті доплерлі ультрадыбысты аппарат (esaote), С тармақты рентген жабдығы (BMI), тұрақты және жылжымалы рентген (dinamik x-ray) жабдығымен қамтамасыз етілген.  Бөлімде бір дәрігер радиолог, бір УДЗ дәрігері, үш рентген-лаборант, бір УДЗ бөлмесі мейірбикесі жұмыс істейді. Бюджеттік науқастарды емдеу және қабылдаумен қатар бөлімшеде ақылы бөлімшелердің пациенттері және амбулаториялық науқастар зерттеуден өтеді.

Бөлім қызметкерлері – жұмыс өтілі жоғары мамандар аттестациялық біліктілік санатқа ие. Функциональдық-Диагностика бөлімі техниканың соңғы талаптарына жауап беруші және адамдар үшін қауіпсіз қазіргі замандағы техникалармен жабдықталған.