БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Аскарова Салтанат Сейілбекқызы
Жоғарғы санатты дәрігер, м.ғ.к, терапевт

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: askarovas@mail.ru

ТЕРАПИЯ БӨЛІМІ

Терапия бөлімшесінің міндеттері мен бағыттары:

  • Медициналық персоналдың тәулік бойы бақылау қажет ететін терапевтік аурулары бар науқастарға диагностикалық тексерулер мен интенсивті терапия жүргізу
  • Басқа бөлімшелерге консультативтік көмек көрсету
  • Университет профессор -доцент құрамымен кеңес беру, консилиумдар ұйымдастырып, терапевтік аурулары бар науқастарға жоғары дәрежеде мамандандырылған диагностикалық және емдік көмек көрсету,
  • Терапевтік науқастарға медициналық көмектің сұрақтары бойынша семинарлар ұйымдастыру және өткізу
  • Сирек кездесетін аурулары бар науқастарға жаңадан қолданылған диагностикалық және емдеу нәтижелеріне сүйене отырып, республикада және шетел дерде шығатын журнал беттеріне мақалалар жариялау.

Терапия  бөлімінің құрылымы:
Терапия бөлімшесі – терапия 7 төсек орын, кардиология 7 төсек орын, эндокринология 5 төсек орын, нефрология 3 төсек орын – барлығы 22 төсек орынға жабдықталған. Бөлімшеде 6 палата, 1 емдеу бөлмесінен, 1 дәрігерлер бөлмесінен, 1 аға мейірбике бөлмесінен, 1 ЭКГ бөлмесінен, 1 санитарлық бөлмеден, 1 төсек жинайтын бөлмеден тұрады.

Маман құрамы:

  • – Бөлімде 4 дәрігер (терапевт, кардиолог, нефролог, эндокринолог жұмыс жасайды. Екі дәрігер жоғары санатты, екі дәрігер бірінші санатты, оның ішінде 1-медицина ғылымының кандидаты),
  • – 7 мейірбике- категориялары – 3 жоғары санатты, 2 бірінші санатты, бұл 71% құрайды.
  • – 5 кіші мейірбикелер және 1 шаруашылық бикесі.

Терапия бөлімшесіне өкпе, жүрек, бауыр, асқазан, буйрек, буын, эндокрин бездерінің ауруларымен науқастарды стационарлық ем қабылдауға қабылдайды. Терапия бөлімшесіне стационарлық емге  науқастар:

  • Учаскелік дәрігерлердің жолдамасымен жоспарлы госпитализация – портал бойынша;
  • Жедел медициналық көмектің жеткізуі бойынша-экстренді жату;
  • Басқа профильді бөлімшеден ауыстырылу бойынша жату;
  • Қабылдау бөліміне өздігінен қаралу арқылы госпитализация жасалынады.

Бөлімше мейірбикелері бөлімше деңгейінде біліктілік жоғарылату мақсатында аптасына бір рет өзара машықтану іс-шаралары жүйелі түрде жолға қойылды, яғни мейірбикелеріміз шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету дағдылары бойынша лециялар оқып, пікір алмасып, клиникалық ойындар түрінде жетілдіреді. Бұл өз кезегінде болатын қала деңгейіндегі экстренді-шұғыл көмек көрсету де өз нәтижелерін беруде. Сонымен бірге тыныс аурулары бар науқастарға емдеуде  заманауи дәрі-ингаляторлар қолданылады және небулайзермен ем, бауыр-өт аурулары бар науқастарға өт шаю жұмыстары  жүргізіледі. Бөлімде науқастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілуде. Тақырыптары: Тұмау, диета столдары, Гипертониялық криз, Жедел коронарлы синдром, темекі зияны, салауатты өмір салты және қант диабеті, т.б.