БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Мустафаев Ерлан Алдабергенұлы
Жоғары санатты дәрігер

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: erlan-mustafaev@mail.ru

НЕЙРОРЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІ

Нейрореанимация және қарқынды терапия бөлімі Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Клиника-Диагностикалық орталығының Өңірлік инсульт орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Нейрореанимация және қарқынды терапия бөлімі 1 қабатта орналасқан, 6 төсек орнына арналған замануи технологиялық бақылау қондырғысымен қамтамасыз етілген.
Нейрореанимация бөлімі төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
-инсультпен ауыратын науқастарға тәуліктік режимде, клиникалық хаттамаларға сәйкес:
-инсультпен ауыратын науқастардың денсаулық жағдайын клиникалық бағалауды;
-инсультпен ауыратын науқастың церебралды функцияларын, жүрек қан тамыр жүйесі жағдайларын, соматикалық жағдайларды қоса алғанда өмірлік маңызы бар функцияларының жағдайын мониторингтеу;
-базистік және ерекше терапия (тромболизис, шұғыл нейрохирургиялық емдеу) жүргізуді;
-мамандардың мультитәртіптік бригадасы жіберген инсультпен ауыратын –науқасқа бұзылған функцияларын қалпына келтіруге кешенді оңалту емін жүргізуді;
қайталанған инсульттің дамуының алдын алу алгоритмін әзірлеуді және іс-шаралар өткізуді қамтитын жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
-инсультті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгеру және клиникалық практикаға енгізу және дәлелді медицина қағидаттары мен ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде асқынулардың профилактикасы;
-бөлімшелерде емдеу-диагностикалау жұмысының сапасын арттыруға және ауруханада инсульттен болатын өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
-қан тамыры ауруының түрленетін қауіп факторларының алдын алу және түзету,
-саламатты өмір салтын жүргізу бойынша пациенттер мен олардың туыстарымен жұмыс жүргізу;
Инсултьтпен ауыратын науқастарға шұғыл көмекті нейрохирург, невролог, реабилитолог, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, психиатр, кардиолог, нейрореаниматолог дәрігерлерінің құрамындағы мультидисциплинарлы бригада көрсетеді.
Жоғары білікті дәрігер қызметкерлері мен қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталуы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндік береді.
Тәжірибеде қолданылатын инновациялық әдістер:
• Клиникалық практикаға ишемиялық инсультті емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу және игеру, тромболитикалық терапияны – инсульттің бірінші белгілері пайда болған кезінен бастап терапияның 3 сағат уақыт аралығы кезеңінде тромболизисті қолдану.
• Шаралар кешені – мультидисциплинарлы принципке негізделген, қалпына келтіру емі:
оңалту шаралары (медицина реабилитологтарын (физиотерапевт, ЕДШ), логопед, психотерапевт)
жалпы медицина шаралары – науқасты бақылау мен күту
негізгі неврологиялық асқынуларды алдын алу мен емдеу.