БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Кошербаева Улпан Абдикуловна

дәрігер-терапевт

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: ulpan202@mail.ru

КҮНДІЗГІ БӨЛІМ

Күндізгі бөлімнің медициналық персоналы  күндізгі уакытта сағат 8:00 ден 17:00 дейін жалпы аурулары бар науқастарға диагностикалық тексерулер мен емдік- іс шараларды жүргізеді. Басқа бөлімшелерге консультативтік көмек көрсетеді. Жалпы науқастарға медициналық көмектің сұрақтары бойынша семинарлар ұйымдастырып және оны өткізеді.
Күндізгі бөлімінің құрылымы:
Күндізгі бөлімшеде 12 төсек орынға жабдықталған. Бөлімшеде – 3 палата, 1 – емдеу бөлмесінен, 1- дәрігерлер бөлмесінен, 1 – санитарлық бөлмеден, 1 – төсек жинайтын бөлмеден тұрады.
Маман құрамы:
– Бөлімде 1 дәрігер (терапевт,) жұмыс жасайды. 2 мейірбике – категориялары – 1 бірінші санатты, 1 кіші мейірбикелер және 1 шаруашылық бикесі.
Күндізгі  бөлімшеде өкпе, жүрек, бауыр, асқазан, буйрек, буын, эндокрин бездерінің, неврологиялық, балалар ауруларымен науқастарды күндізгі стационарлық ем қабылдауға қабылдайды. Күндізгі бөлімшесіне стационарлық емге науқастар:
– Учаскелік дәрігерлердің жолдамасымен жоспарлы және шұғыл турде госпитализация жасалынады.
Бөлімше мейірбикелері бөлімше деңгейінде біліктілік жоғарылату мақсатында аптасына бір рет өзара машықтану іс-шаралары жүйелі түрде жолға қойылды. Яғни, мейірбикелеріміз шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету дағдылары бойынша лекциялар оқып, пікір алмасып, клиникалық ойындар түрінде жетілдіреді. Бұл өз кезегінде болатын қала деңгейіндегі экстренді-шұғыл көмек көрсету де өз нәтижелерін беруде. Бөлімде науқастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілуде. Тақырыптары: Тұмау, диета столдары, Гипертониялық криз, Жедел коронарлы синдром, темекі зияны, салауатты өмір салты және қант диабеті. т.б