БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Баймұратова Құралай Қарнақбайқызы

дәрігер-лаборант

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

mail: kuralay-mktu@mail.ru

КЛИНИКА-БИОХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯ

Клиника-биохимиялық лаборатория бөлімі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ  клиника-диагностикалық орталығының құрамындағы бөлім болып табылады. Бөлімде науқастардан биологиялық материал жинау бөлмесі, клиникалық, гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, гемастазиологиялық нақтамаларды анықтайтын бөлмелер қарастырылған. Бөлмелер толық автоматтандырылған,нақтама нәтижелері орталықтандырылған компьютерлік жүйе бойынша бекітіледі. Клиника-биохимиялық лаборатория ГОСТ З ИСО 15189 стандарты бойынша жұмыс жасайды.

Анализаторлар бойынша жалпы мағлұмат

Биохимиялық анализатор Cobas Integra-400 өте қолайлы программамен қамтамасыз етілген, толық автоматтандырылған, төрт түрлі өлшеу әдісі біріктірілген, яғни абсорбциялық фотометрия, турбидиметрия, флюоресценттік поляриметрия және ион-селективті модульмен қамтамасыз етілген. 35 түрлі тест, 90 позицияға биопроба 400 тест нәтижесі бір сағатта дайын болады. Қолданатын биоматериалдар плазма, қан сарысуы, несеп, жұлын-ми сұйықтығы.
Гематологиялық анализатор Sysmex KX-21N толық автоматтандырылған 19 параметрді 45 секунд аралығында анықтайды, 1 сағатта 60 проба тексереді.
Анализатор Urisys-1100 несепті 10 параметрмен тексереді, бір анализдің нәтижесі 80 секундтта дайын болады.
Коагулометрлік анализатор TS-4000 жартылай автоматты анализатор.