БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Тутаева Әйгерім Айтбайқызы

PhD, I санатты дәрігер – невролог

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: tutaeva.aa@mail.ru

ЕРТЕ ОҢАЛТУ БӨЛІМІ

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ КДО ерте оңалту бөлімшесі 12. 10. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 19 қазан 2015 жылы бұйрығы негізінде 30 төсек орынға арналып ашылған. 6 – төсек орын қарқынды терапия және реанимация блогына, 24 – төсек орын ерте оңалту бөліміне ашылған. Ерте оңалту бөлімшесі жоғары сапада өндірілген заманауи жабдықтардың көмегімен буындарды емдеп және қалпына келтіру мақсатында жұмыс істейді. Ерте оңалту бөлімінің жабдықтарын пайдалану аяқ-қолдың қызметін қалпына келтіріп, тірек-қимыл аппаратының жарақаты салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Ерте Оңалту – зақымдалған немесе алынып тасталған органдарды қалпына келтіруге, пациенттерді қалыпты өмірге оралтуға және оның психикасына оң әсерін тигізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.

Ерте оңалту бөлімшесінде 2 бекет, 1 бекетте – 5 жатақ бөлмесі, 2 бекетте –  5 жатақ бөлмесі, 1- бөлім меңгерушісі бөлмесі, 1 дәрігерлер бөлмесі, егу бөлмесі, аға мейірбике бөлмесі, тағам тарату мен төсек орын  бөлмелерінен тұрады. Барлық бөлмелер қажетті медициналық жабдықтар және жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Бөлімшеде 6 дәрігер невролог, 1 кардиолог, 1 логопед, 1 психиатр дәрігерлері жұмыс атқарады. Орта буын медицина қызметкерлері – штат бойынша 13 мейірбике, 1 мейіраға қызмет атқарады. Кіші буынды медицина қызметкерлері – штат бойынша 11 қызметкер жұмыс атқарады.

Қарқынды терапия және реанимация блогы мен ерте оңалту бөлімшесіне ХҚТУ профессоры Бралов Қ.Б. науқастарға әр аптаның дүйсенбі, жұма күндері  кеңес береді.

Ерте Оңалту бөлімінің жұмысының негізгі принциптері:

  • пациенттерді оңалтудың сұрақтарына кешенді тәсіл қолдану;
  • емдеудің жеке бағдарламасы;
  • емдеу іс-шараларының тиімділігін тұрақты бақылау;

 Бөлімнің ұжымы клиниканың қоғамдық және спорт өміріне белсенді араласады, халықа оңалту медициналық көмегін көрсету жолында кәсіби деңгейлерін арттырып отырады, ерте операциядан кейінгі кезеңде науқастарға травматологиялық және ортопедиялық күтім жасау дағдыларын меңгерген, науқастардың өз бетінше әрекет етулерін, дұрыс жүрулерін, ортопедиялық режимге және ұсынымдарды орындауларын үйретеді.