Сатып алу бөлімі - Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Мусабеков Алмас Бахитович

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: 

САТЫП АЛУ БӨЛІМІ

Сатып алу бөлімі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жұмыс жасайды. Cатып алу бөлімі ашық байқаулар және бағалар парағын алу арқылы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығын тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттері

  • Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізумен байланысты жұмыстар кешенін іске асыру.
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды іске асыру ережелерін бекіту туралы», «Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізбелерді қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» қаулыларының талаптары орындалуын қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары

  • Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға өтінімдерді жинақтау және тіркеу.
  • Клиника-диагностикалық орталықтың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі жылдық жоспарын жасау.
  • Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен өтінімдердің орындалуын іске асыру.
  • Жеткізушілермен және жұмыс орындаушылармен тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге шарттарды жассау.
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың сапалы орындалуын бақылауды іске асыру.
  • Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға бюджеттік және бюджеттен тыс бөлінген қаражатты үнемдеу.